«Арландар» жартылай финалды жеңіліспен бастады

«Арландар» жартылай финалды жеңіліспен бастады
Фото: vesti.kz

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» Лондонда жергілікті «British Lionhearts» клубына қарсы жартылай финалдық кездесуін өткізуде. Бірінші күнгі жекпе-жектер қорытындысы бойынша шаршы алаң иелері алда келеді.

С1 дәрежесіндегі боксшылар жекпе-жегінің қорытындысы бойынша «British Lionhearts» 3:2 есебімен алға шықты. «Astana Arlans» сапынан 56 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Көшеғұлов Питер Макгрейлды, 75 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Трое Уильямсонды 2:1 есебімен ұтты. Ал 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан, команда капитаны Самат Башенов (64 келі) пен 91 келіге дейінгі салмақта Мұхамеджан Еркін қарсыластарына есе жіберіп алды.

Бүгін С2 дәрежесіндегі боксшылар шаршы алаңға шығады. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады. Жекпе-жектер Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. 

Ө. Сансызбай