Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына қазақстандық төрт боксшы жолдама алды. Ал Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Жайна Шекербекова қола жүлдені қанағат тұтты.

БӨЛІСУ

48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбайдың жарыстың финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз. 54 келіге дейінгі салмақта Дина Жоламан мен 69 келіге дейінгі салмақта Валентина Хальзова да жартылай финалда жеңіске жетті. Ал төртінші болып 81 келіге дейінгі салмақта Ләззәт Күнгейбаева шешуші жекпе-жекке жолдама алды.

51 келіге дейінгі салмақта Олимпиада жолдамасына ие болған Жайна Шекербекова жартылай финалда ұлыбританиялық Никола Адамсқа есе жіберіп алды. Сондай-ақ 57 келіге дейінгі салмақта Айжан Ходжабекова да жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Финалдық жекпе-жектер ертең өтеді. Қазақстандық боксшыларға сәттілік тілейміз.