Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты

Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: kfb.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда КХДР боксшысы Янг Гум Уды жеңді.

48 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып жатқан Назым Қызайбай қарсыласын 3:0 есебімен ұтты. Финалда аспан асты елінен келген Янь Вангпен жұдырықтасады.

Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы атануына мол мүмкіндігі бар. Ол 2014 жыл Джеджуда (Оңтүстік Корея) өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Ал 2012 жылғы додада қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ Назым қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы да.

Айта кетейік, Астанадағы әлем чемпионатының жартылай финалына алты боксшымыз шыққан болатын. Ал 51 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 

Ө. Сансызбай