«Арландардың» ағылшын боксшыларына қарсы шығатын құрамы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
«Арландардың» ағылшын боксшыларына қарсы шығатын құрамы анықталды
Фото ©️ astanaarlans.kz

Бүгін түнде WSB жобасы аясында «Astana Arlans» бокс клубы Лондонда «British Lionhearts» командасына қарсы жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді. Екі күнге созылатын бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды.

БӨЛІСУ

Жартылай финалдық жекпе-жектердің бірінші күні С1 дәрежесіндегі боксшылар шаршы алаңға шығады. Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталатын кездесулерді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Командалар құрамы:

Бірінші күн:

49 келі: Галал Яфай - Жомарт Ержан
56 келі: Питер Макгрейл - Нұрсұлтан Көшеғұлов
64 келі: Пэт Маккормэк - Самат Башенов
75 келі: Трой Уильямсон - Мейірім Нұрсұлтанов
91 келі: Джосип-Бепо Филипи - Мұхамеджан Еркін

Екінші күн:

52 келі: Корюн Согомонян - Азамат Исақұов
60 келі: Люк Маккормэк - Закир Сафиуллин
69 келі: Джошуа Келли - Асланбек Шымбергенов
81 келі : Радослав Димитров Пантелеев - Нұрдәулет Жарманов
+91 келі: Фрэйзер Кларк - Қамшыбек Қоңқабаев

10 жекпе-жек қорытындысы бойынша тең есеп тіркелер болса, қосымша кездесу ұйымдастырылады. Қосымша кездесу 52 келіде Санни Эдвардс пен Азат Махметов арасында өтеді деп жоспарланған.