Головкин мен Альварес АҚШ-та жұдырықтасуы мүмкін

Головкин мен Альварес АҚШ-та жұдырықтасуы мүмкін
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл туралы Boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап, vesti.kz хабарлап отыр.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC чемпиондық белбеулеріне ие отандасымыз бен «Канело» арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйек күні АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы  90 мың жанкүйер кіре алатын  «AT&T Stadium» стадионында өтуі мүмкін. Бұл күн Мексика елінің Тәуелсіздік мерекесімен сәйкес келеді екен. Осыған дейін Сауль Альварес бұл жекпе-жектің Мексикада өткенін қалайтынын хабарлаған болатын. 

«AT&T Stadium» стадионы 2009 жылы ашылған. Арнайы орындықтар арқылы 100 мыңнан асық адамның кіруіне жағдай жасауға болады. Стадионда «Даллас Ковбойз» футбол клубы жергілікті ойындарын өткізеді.

Айта кетейік, Сауль Альварес чемпиондық атағынан бас тартқаннан кейін, Геннадий Головкин кәсіпқой бокста ең көп чемпиондық атаққа ие боксшы атанған болатын. Отандасымыздың келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді, алайда қарсыласы әзірге белгісіз. 

Ө. Сансызбай