Зарина Дияс «Роллан Гарросты» жеңіспен бастады

Зарина Дияс «Роллан Гарросты» жеңіспен бастады
Фото: vk.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франция ашық біріншілігінің (Rollan Garros) екінші кезеңіне өтті. Отандасымыз бірінші кезеңде неміс қызы Карина Виттхефттен басым түсті.

Зарина Дияс бірінші сетте қарсыласына 2:6 есебімен есе жіберіп алды. Дегенмен кейінгі сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші сетті 6:2 есебімен аяқтады.

22 жастағы қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 90-орында келеді. Ал Карина Виттхефт 100-орында болатын. Осыған дейін екі теннисші өзара кездеспеген.

Зарина Дияс екінші кезеңде жарыстағы танымал теннисшілердің бірі Симона Халеппен ойнайды. Румын қызы WTA рейтингінің 6-орнында келеді. Ол бірінші айналымда жапон теннисшісі Нао Хибиноны 6:2, 6:0 есебімен жеңіп шықты.

Айта кетейік, жекелей сында Ярослава Шведова мен Михаил Кукушкин жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

Ө. Сансызбай