Қазақстан IIHF рейтингінде бір саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан IIHF рейтингінде бір саты жоғарылады
Фото ©️ vk.com

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейде өткен әлем чемпионатынан кейін Халықаралық хоккей қауымдастығының рейтингінде бір саты жоғарылады.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дейін 17-орында болатын. Мәскеудегі сәтсіздікке қарамастан, команда IIHF рейтингінде бір орынға жоғарылады. Ал әлем чемпионы атанған канадалықтар бірінші орнын сақтап қалса, екінші орында Ресей құрамасы келеді. Финалда үйеңкі жапырақты елдің өкілдеріне есе жіберген финдер үшінші орынға көтерілді.

IIHF рейтингі:
1 (1). Канада — 3495
2 (2). Россия — 3380
3 (4). Финляндия — 3355

16 (17). Қазақстан — 2470. 

Айта кетейік, Ресейде өткен әлем чемпионатынан кейін Қазақстан құрамасы элиталы топтан шығып қалған болатын.