Шүменов WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие болды

Шүменов WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие болды
Фото: vesti.kz

Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» чемпиондық атаққа қол жеткізді. Отандасымыз Лас-Вегаста америкалық Джуниор Райтпен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек оныншы раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын толықтау бақылауда ұстап, тәжірибелі екенін байқатты. Алайда бесінші раундта Джуниордың соққысы жойқын шығып, Бейбіт нокдаун алып қалды. Ал сегізінші раундта Бейбіт қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал оныншы раундтағы Бейбіттің соққысынан кейін америкалық боксшының жаттықтырушылары жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

32 жастағы қазақстандық боксшы спорттық мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 11-ін уақытынан бұрын ақтаған. 2 кездесуінде жеңіліс тапқан. Ал америкалық Джуниор Райт мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырап отыр.

WBA ережесіне сәйкес, Бейбіт Шүменов келесі кездесуін 120 күннің ішінде WBA және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа ие ресейлік боксшы Денис Лебедевке қарсы өткізуі тиіс.

Ө. Сансызбай