Фируза Шарипова Софья Очигаваны жеңе алмады

Фируза Шарипова Софья Очигаваны жеңе алмады
Фото: vk.com

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жеңіліспен бастады. Отандасымыз Мәскеуде Софья Очигавамен жұдырықтасып, қарсыласына есе жіберіп алды.

Қос боксшы да кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесулеріне шықты. Мәскеудегі «Мегаспорт» аренасында өткен кездесуде төрешілер ресейлік боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Фирузаның қарсыласы осал болған жоқ. Софья Лондон Олимпиадасында күміс медаль иеленген. Сондай-ақ екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болатын. Дей тұрғанмен қазақстандық боксшы қарсыласына оңайлықпен есе жіберген жоқ. Шаршы алаңда тәжірибесі мен шеберлігі барын байқата білді.

21 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын сәтсіз бастағанмен, алдағы уақытта ірі жетістіктерді бағындырады деген сенімдеміз. Сонымен қатар осы жылы қабылданған бокс ережесіне сәйкес Фируза әуесқой боксшылар арасындағы жарыстарға да қатыса алады.

(Суретте сол жағында)

Ө. Сансызбай