Зарина Цолоева әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Зарина Цолоева әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: vesti.kz

64 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы қыз Зарина Цолоева Астанадағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Бірінші кездесуінде вьетнамдық Ти Линь Хаға қарсы жекпе-жекке шығып, 3:0 есебімен басым түсті.

Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен Зарина Цолоева екінші кезеңде италиялық Валентина Альбертинимен жұдырықтасады.

Зарина Қазақстан құрамасы сапынан алғашқылардың бірі болып екінші кезеңге өтіп отыр. Елордада өтіп жатқан доданы «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Айта кетейік, Зарина Цолоеваның сырт келбеті әйгілі актриса Анджелина Джолиге ұқсайды. Осы бір ерекшелігіне байланысты «қазақстандық Джоли» деген атпен де танымал. Бокспен 16 жасынан бастап айналысып келеді. 

Ө. Сансызбай