«Астана» ойыншысы Гана ұлттық құрамасына шақырту алды

«Астана» ойыншысы Гана ұлттық құрамасына шақырту алды
Фото: fca.kz

«Астана» футбол клубының ганалық легионері Патрик Твумаси елдің ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

22 жастағы шабуылшы Гана ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алды. Осыған дейін жастар құрамасында ғана ойнап келген.

Гана 28 мамыр күні Парижде Гвинея құрамасымен, 5 маусым күні Африка ұлттары кубогы аясында Маврикий құрамасымен кездеседі. «Астана» ойыншысы екі кездесуге де қатысатын болады.

Айта кетейік, Патрик Твумаси осы маусымдағы ХІ турдағы 11 ойынға да қатысты. Екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Ө. Сансызбай