Қытайға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Қытайға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 7 маусым күні Қытай құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ресми ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Жолдастық кездесу Қытайдың Дальян қаласында өтеді. Бұл ойынға еліміздің бас командасын отандық мамандар Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев дайындайды.

Қытай құрамасымен өтетін ойынға байланысты ел премьер-лигасының 4 тур ойындарының уақыты өзгертілді.

- Премьер-лиганың XIV турындағы ойындар 4 маусымнан 2 маусымға;

- Премьер-лиганың XV турындағы ойындар 8 маусымнан 11 маусымға;

- Премьер-лиганың XVI турындағы ойындар 12 маусымнан 15 маусымға;

- Премьер-лиганың XVII турындағы ойындар 18 маусымнан 19 маусымға ауыстырылды.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар қосыны 3-8 маусым аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырыған футболшылардың тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: С.Покатилов («Ростов»), В.Плотников («Қайрат»), Д.Лория («Ертіс»)

Қорғаушылар: Д.Шомко («Астана»), Ю.Логвиненко («Астана»), А.Бейсебеков («Астана»), В.Дмитренко («Тобыл»), Е.Қуантаев («Қайрат»), Ғ.Сүйімбаев («Ордабасы»), С.Малый («Ертіс»), Е.Ахметов («Ертіс»)

Жартылай қорғаушылар: С.Смақов («Ақтөбе»), Ұ.Қонысбаев («Атырау»), Б.Исламхан («Қайрат»), И.Қуат («Қайрат»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Нұрғалиев («Ордабасы»), М.Төлебек («Ордабасы»), С.Мұжықов («Астана»), А.Тағыберген («Астана»)

Шабуылшылар: Т. Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), С.Хижниченко («Тобыл»)

Қосалқы құрам:

Қақпашылар: С.Отарбаев («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Б.Айтбаев («Тараз»)

Жартылай қорғаушылар: Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), А.Мухутдинов («Тобыл»), Т.Досмагамбетов («Тобыл»)

ШабуылшыларА.Щеткин («Астана»), Ж.Молдақараев («Оқжетпес»)

Жаттықтырушылар құрамыбас баспкердің міндетін атқарушы - Талғат Байсуфинов, аға жаттықтырушы - Нүркен Мазбаев, дене даярлығы бойынша жаттықтырушы - Андрей Ферапонтов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Юрий Новиков.