ХІ турда «Астана» да, «Ертіс» те ұтылды (видео)

ХІ турда «Астана» да, «Ертіс» те ұтылды (видео)
Фото: vk.com

ХІ турда «Астана» да, «Ертіс» те ұтылды Футболдан ел премьер-лигасының ХІ тур ойындары мәресіне жетті. Маусым басынан жеңілмей келген елордалық «Астана» мен Павлодардың «Ертіс» клубы ұпай жоғалтты.

Алматылық клуб алғашқы минуттардан-ақ қарсыластарына қысымын арттырды. Алғаш болып алға ұмтылған Исламбек Қуаттың соққысын Давид Лория сәтті қайтара білді. Команда капитаны Бауыржан Исламхан да өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал 21 минутта Жерар Гоудың асырған пасын сәтті пайдаланған Исаэль Барбоза ойындағы есепті ашты. Кейіннен таблодағы нәтиже өзгерген жоқ.

Щучинск қаласында өткен «Оқжетпес» пен Қостанайдың «Тобыл» клубтары арасындағы ойында тең есеп тіркелді. Көкшетаулық клуб соңғы минутта жеңісті уыстан шығарып алды. Алаң иелері сапынан Нганбе Банде Серж, қонақтар сапынан Сергей Хижниченко гол соқты.

Станмимир Стойлов жаттықтыратын елордалық клуб Атыраудан ұпайсыз қайтты. «Атырау» клубына жеңіс сыйлаған голды 21 минутта Алтынбек Сапаров соқты.

Оралда өткен «Ақжайық» пен «Жетісу» клубтары арасындағы ойында талдықорғандық клуб жеңіске жетті. Ойында 2:1 есебі тіркелді.

ХІ тур ойындарының нәтижелері:

14 мамыр

«Шахтер» (Қарағанды) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:2

Голдар: Дидар Жалмұқан 8, Тоқтар Жаңғылышбай 38.

«Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:2

Голдар: Малик Мане 85 – Филипп Касалица 21, 29.

15 мамыр

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тобыл» (Қостанай) 1:1

Голдар: Серж Срепин Бандо 16 – Сергей Хижниченко 88.

«Ақжайық» (Орал) – «Жетісу» (Талдықорған) 1:2

Голдар: Олег Хромцов 80 – Марко Симоновски 3, Душан Савич 90+1 (пенальти)

«Атырау» (Атырау) – «Астана» (Астана) 1:0

Гол: Алтынбек Сапаров 22.

«Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар) 1:0

Гол: Исаэль да Сильва 22.

Турнир кестесі

ХІ турда соғылған голдар

Ө. Сансызбай