Хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан ұтылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан ұтылды (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы топта төртінші ойын қатарынан ұтылды. Андрей Назаров жаттықтыратын команда чехтарға есе жіберді.

БӨЛІСУ

Тартысқа толы өткен ойында 3:1 есебі тіркелді. Чехия құрамасы бірінші кезеңде Томаш Пликанец соққан шайбаның нәтижесі бойынша алға шықты. Екінші кезеңде қос команда есептегі нәтижені өзгерте алған жоқ.

Үшінші кезең басында Томаш Пликанец дубль авторы атанды. 55 минутта Найджел Доус өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, чехтар қақпасына шайба соқты. Ал ойын соңындағы қақпашының орнынан ойыншының шығуы өз нәтижесін бермеді. Керісінше Чехия құрамасы соңғы минутта ашық қақпаға үшінші шайбаны соғып кетті.

Бес ойында да жеңіске жеткен Чехия құрамасы топта 14 ұпаймен көш бастап келеді. Ал Қазақстан құрамасының еншісінде 2 ұпай бар. Ертең отандастарымыз Астана уақытымен сағат 23:45-те Латвия құрамасымен ойнайды.