Алматыда дзюдо академиясы ашылады

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда дзюдо академиясы ашылады
Фото ©️ prosportkz.kz

13 мамыр күні Алматы қаласында халықаралық талаптарға сай дзюдо академиясы ашылады. Бұл туралы ҚР дзюдо қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 адамға арналған жатақхана мен асхана орналасады. Оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, дзюдо күресіне енді қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттығатын болады. Сонымен қатар, академия аясында халықаралық дәрежеде оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген.

Естеріңізге салайық, құрылыстың алғашқы тасын қалауға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысқан болатын.

Осы жолы салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады деп жоспарланып отыр.