Косово УЕФА құрамына кірді

О Сансызбай Корреспондент
Косово УЕФА құрамына кірді
Фото ©️ ftbl.ru

Косово футбол федерациясы Еуропалық футбол одақтары қауымдастығына (УЕФА) кірді. Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Венгрия астанасы Будапештте өткен қауымдастықтың кезекті отырысында Косово УЕФА құрамына кірген 55-ші мемлекет болып тіркелді. Тіркеу қауымдастық құрамына енетін елдердің дауыс беру нәтижесі бойынша жүзеге асты. 28 мемлекеттің өкілі Косовоның УЕФА құрамына қосылғанын мақұлдаса, 24 мемлекеттің өкілі қарсы болған. Ал 2 елдің дауыс беру нәтижесі есепке алынған жоқ.

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының президенті Джанни Инфантино тілшілерге берген сұқбатында Косовоны УЕФА құрамына енуімен құттықтап, алда ФИФА құрамына да қосылуын 12-13 мамыр аралығында Мехикода өтетін конгрессте талқылайтынын хабарлады.

Будапештте өткен кезекті отырыста УЕФА атқару комитетінің құрамына алғаш рет әйел адам сайланды. Атқару комитетінің ұяғаруымен өткен сайлауда француз Флоранс Ардуэн жеңіске жетті. Ол өзіне қарсылас атанған Карен Эспелундтан артық дауыс жинады.