Қазақстандықтар хоккейден әлем чемпионатын көре алады

Қазақстандықтар хоккейден әлем чемпионатын көре алады
Фото: vesti.kz

Қазақстандықтар хоккейден Ресейде өтетін әлем чемпионатын тамашалай алатын болды. «KazSport» арнасы тікелей эфирде таратады.

Ресей астанасы Мәскеу мен Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатын қазақстандық арналардың көрсетпейтіні туралы ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 6-22 мамыр аралығында Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Отандастарымыз «А» тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Дания құрамаларымен ойнайтын болады. Алғашқы ойынын 7 мамыр күні Швейцария құрамасына қарсы өткізеді. «А» тобындағы құрамалардың ойыны Мәскеуде өтеді. Ойын кестесі төмендегідей:

7 мамыр (сенбі) 15:15 – Швейцария – Қазақстан
8 мамыр (жексенбі) 15:15 – Қазақстан – Ресей
10 мамыр (сейсенбі) 23:15 – Қазақстан – Норвегия
11 мамыр (сәрсенбі) 23:15 – Швеция – Қазақстан
13 мамыр (жұма) 19:15 – Чехия – Қазақстан
14 мамыр (сенбі) 23:15 – Қазақстан – Латвия
16 мая (дүйсенбі) 23:15 – Дания – Қазақстан

Қазақстан құрамасы бұл күндері әлем чемпионатына соңғы дайындықтарын пысықтауда. 30 сәуір Будапештте Венгрия құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Ал 1 мамыр күні Ресеймен ірі өткен жолдастық кездесуде ірі есеп айырмасымен есе жіберіп алды.

Ө. Сансызбай