Премьер-лига. «Астана» «Қайратты» ұтты (видео)

Премьер-лига. «Астана» «Қайратты» ұтты (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының VIII тур ойындары мәресіне жетті. VIII турдағы төрт ойында 1:0 есебі тіркелді.

Қостанайда «Тобыл» «Таразды», «Ақтөбе» «Оқжетпесті», «Астана» «Қайратты», Шымкентте «Ордабасы» Оралдың «Ақжайық» клубын бір доп басымдығымен ұтты. Ал қарағандылық «Шахтер» мен «Атырау» арасындағы ойында есеп ашылмады. Маусымды сәтті бастаған Павлодардың «Ертіс» клубы Талдықорғанда «Жетісуді» 3:0 есебімен жеңді. Роман Мұртазаев дубль авторы атанды. Бір голды Игнасио Эррера өз еншісіне жазды.

VIII тур қорытындысы бойынша елордалық «Астана» 22 ұпаймен көш бастап келеді. Ал үздік сұрмергендер көшінде Роман Мұртазаев («Ертіс») 5 гол нәтижесімен бірінші орынға шықты. 

8-тур ойындарының нәтижелері:

«Астана» (Астана) – «Қайрат» (Алматы) 1:0

Гол: Неманья Максимович 8.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақжайық» (Орал) 1:0

Гол: Дәуренбек Тәжімбетов 72.

«Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» (Тараз) 1:0

Гол: Алассане Ндиайе 90+4.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Ертіс» (Павлодар) 0:3

Голдар: Роман Мұртазаев 40, 41, Игнасио Фернандес 90+4.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Атырау» (Атырау) 0:0

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Оқжетпес» (Көкшетау)

Гол: Самат Смақов 72 (пенальти).

8-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі

01-05-2016-keste 01

Үздік мергендер:

1. Роман Мұртазаев («Ертіс») – 5 гол;

2. Гогита Гогуа («Ертіс») – 3 гол;

3. Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 3 гол.

9-тур ойындары 5 мамыр күні ойналады. Аталған турдағы қарсыластар реті төмендегідей:

«Ақжайық» – «Ақтөбе»

«Атырау» – «Ордабасы»

«Ертіс» – «Тобыл»

«Оқжетпес» – «Астана»

«Тараз» – «Шахтер»

«Қайрат» – «Жетісу».

Н. Үсенова