Иса Ақбербаев қарсыласын 7 раундта ұрып құлатты (видео)

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Иса Ақбербаев қарсыласын 7 раундта ұрып құлатты (видео)
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев спорттық мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші ауыр салмақта жұдырыстасатын отандасымыз Германияда мажар боксшысы Габор Халасты жеңді.

БӨЛІСУ

32 жастағы қазақстандық боксшы 37 жастағы қарсыласынан айқын айласын асырды. Десе де Габор Халас Исаның жойқын соққыларына 7 раундқа дейін шыдады. 7 раундта отандасымыз бірнеше ауыр соққыларын дөп тигізіп, қарсыласын есінен тандырды. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті тоқтатты.

Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақта GBC (Global Boxing Council) чемпиондық атағын қорғап қалды. Отандасымыз осыған дейінгі бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліс таппаған. Нақтырақ айтсақ, 17 кездесудің барлығында жеңіске жетті. Оның 12-ін мезгілінен бұрын аяқтаған.