Владимир Седов Азия чемпионы атанды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Владимир Седов Азия чемпионы атанды (видео)
Фото ©️ vk.com

Ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Владимир Седов алтыннан алқа тақты.  

БӨЛІСУ

94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жұлқа көтеруде 175 келіні көтерді. Нәтижесінде бірінші жаттығудан кейін кіші алтын медальға ие болды.  

Қазақстандық спортшы серпе көтеруді 205 келіден бастады. Бұл салмақ дәрежесін Владимир ойдағыдай еңсерді. Бұл салмақ дәрежесін оңай еңсеріп, Азия чемпионы атанды. Ал оның қарсыластары қоссайыс нәтижесі бойынша отандасымызды қуып жетуге қауқарсыз болатын. Нәтижесінде отандасымыз 211 келіге тапсырыс берді. Бұл салмақты екінші мүмкіндігінде еңсеріп, екінші жаттығу нәтижесі бойынша да алтынды иеленді. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 386 келіні бағындырды.

Азия чемпионатының күміс жүлдесін ирандық Али Хашеми (374 келі (174+206) иеленсе, қоланы оңтүстік кореялық Парк Хан Вунг (368 келі (160+208) алды.

Айта кетейік, кеше 85 келіге дейінгі салмақта Денис Уланов Азия чемпионы атанған болатын. Ал Владимир Седов көптен бері ірі жарыстарға қатыспай келген еді. Қос спортшы да тамыз айында өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады.