«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Фото ©️ vk.com

Футболдан Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері Дмитрий Огай қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

- Дмитрий Огай мен «Тобыл» футбол клубы екіжақты мәміле бойынша келісімшартты бұзды. Команда басшылығының мұндай шешім қабылдауына бас жаттықтырушының командадан кету кету туралы арызы себеп болды, - дейді ресми хабарламада.

Команда келесі турда «Таразбен» ойнайды. Ойыншылар оқу-жаттығу жиындарын бастап та кетті. Жақын арада бас бапкердің қызметін уақытша атқаратын маманның есімі аталатын болады.

Айта кетейік, кеше қостанайлық клуб ел кубогының 1/8 финалында Петропавлдың «Қызылжар СК» клубына қарсы ойында пенальти сериясында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ал премьер-лиигадағы турнир кестесінде «Тобыл» 8 ұпаймен 5-орында келеді.