Хоккейден әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

О Сансызбай Корреспондент
Хоккейден әлем чемпионатының медальдары таныстырылды
Фото ©️ rg.ru

6-22 мамыр аралығында Ресей астанасы Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Бүгін Ресей хоккей қауымдастығының басшысы Владислав Третьяк доданың ресми медальдарын таныстырды.

БӨЛІСУ

Медальдардың ортасы мөлдір айнадан жасалған. Ортаңғы бөлігіне IIHF танымбелгісі мен Ресейдегі доданың атауы ағылшын тілінде жазылған. Ал шеткі бөлігіне «2016 IIHF ICE HOCKEY WORLD CHAMPIONSHIP» деген жазу айшықталған. 

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады. Отандастарымыз «А» тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Дания құрамаларымен ойнайтын болады. Алғашқы ойынын 7 мамыр күні Швейцария құрамасына қарсы өткізеді. «А» тобындағы құрамалардың ойыны Мәскеуде өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы осы дода алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Өкінішке орай, бүгін қазақстандық арналардың бұл доданы көрсетпейтіні белгілі болды.