Әлемнің ең жас футболшылардың ондығы

Әлемнің ең жас футболшылардың ондығы

Бүгінгі әңгімеміз әлемнің ең жас 10 футболшысы жайлы болмақ. Ең талантты әрі жас футболшылардың тізімін Аргентина құрамасы мен Атлетико командасында өнер көрсетіп жүрген, Кун (Серхио) Агуэро бастап отыр. Агуэроның командасы түрлі чемпионаттарда үлкен жетістіктерге жеткен. Кун Агуэро 2005 жылы «15 жасқа дейінгі» футболшылардың ең кішісі атанды.

БӨЛІСУ

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы, Францияның құрамасында өнер көрсетіп жүрген Карим Бензема жас футболшылар тізімінің екінші сатысында. Кезінде Францияның «Лион» клубында теңбіл доп теуіп жүрген Карим 1-ші дивизионда да өнер көрсетті. «Арсеналдың» Арсен Венгер атты бапкері: «Карим Бензема Франция футболының жаңа жұлдызы»- деп айтқан.

Тізімнің үшінші сатысында Боян Кркичтің аты жазылған. 2007 жылы 17 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионы атанған Боян 7 жылда 960 гол соққан. Англиямен болған ақтық кездесуде қарсыласының қақпасына кіргізген доп Испания құрамасына жеңіс әкелді. Сол кезден бастап «Барселона» сапына енген Боян Чемпиондар Лигасының ең жас футболшы атағын иемденген.

Мексиканың мақтан тұтар жас таланты, Барселона қомандасында өнер көрсеткен Джованни Дос Сантос тізімнің төртінші сатысында тұр. 2005 жылы 17 жасқа дейінгілер арасынан Әлем чемпионы деген ардақты атаққа ие болған.

Жас әрі талантты футболшылардың арасынан бразилиялық Андерсон да көрініп қалды. Андерсон өз футболдық мансабын «Гремио» жасөспірімдер клубынан бастаған болатын. Естен кетпес голын соққан Андерсон жұрт назарын өзіне бірден аударған. Кейін келе «Порту» клубында өнер көрсетіп, трансферлік алмасу кезінде Манчестер Юнайтед клубына сатылған. Андерсонды сатып алу үшін МЮ 17 миллион стерлинг бөлді.

Арсеналдың жас шабуылшысы Карлос Вела алтыншы орынға қанағат тұтып жатыр. 3 жыл бойы Испания азаматтығын алуға жұмсаған Карлос Вела 2005 жылы 17 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем чемпионатында сан жетпес гол соғып, жұртқа танымал болған. Вела стратег ретінде де көзге ілінді.

«Ньюкасл» шабуылшысы Хатем Бен Арфа жетінші орында. ЕУРО-2008 жарысының іріктеу ойындарында Франция ардагері Давид Трезегені ойын алаңында алмастырған. Ойын ұйымдастыру қабілетін, стратегиялық жоспарларын ескере отырып, футбол тарихындағы аты танымал футболшы болады деп нақты айтуға болады.

Италиялық Дженоа клубының жартылай қорғаушысы Мигель Велозу тізімнің сегізінші сатысында орналасқан. 21 жасқа дейінгілер арасынан көрінген Мигель шеберлігін Чемпионатта көрсеткен болатын. Пас беру өнерінің хас шебері. Футбол әлемі Мигельге көп үміт артып отыр.

Тізімнің соңына да жетіп қалдық. Жас-қуаттылар тізімінің 9-сатысында Райан Бабел орналасты. Үздік өнері мен баспен ойнау шеберлігімен көрермендердің көзайымына айналған Райан «Ливерпульдің» бапкерінен оң баға алған. Жоғарыда айтылған команданының сапында Райан алғашқы ойынды «Астон Виллаға» қарсы 2007 жылы өткізген.

Тізімнің ең соңғы сатысы бразилия жұлдызы Алешандро Патоның еншісінде. «Милан» командасы Алешандроны сатып алу үшін «Сан-Сироға» 16 миллион еуро көлемінде қаражат төлеген. Талантты футболшы 2008 жылдан бастап, Россенерилер командасында өнер көрсетіп жатыр. 


Суреттер fannet.org, real-fc.com, fc-arsenal.com, sports.ru, on.kz  сайттарынан алынған