«Барселона» кезекті рет ұпай жоғалтты (видео)

Нұржамал Үсенова Корреспондент
«Барселона» кезекті рет ұпай жоғалтты (видео)
Фото ©️ vk.com

Каталондық «Барселона» Испания ла лигасында кезекті рет жеңіліс тауып, ұпай жоғалтты. Луис Энрике шәкірттері ХХХІІ турда «Реал Сосьедадқа» есе жіберді.

БӨЛІСУ

Өткен турда «блауграна» мадридтік «Реалдан» ұтылып қалған еді. Бұл жолы каталондық клуб түзде «Реал Сосьедадты» жеңе алмады. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған 5 минутта Микель Оярсабаль соқты.

«Барселона» Сан-Себастянда «Реал Сосьедадты» 6 жыл қатарынан жеңе алмай келеді. 6 жылда өткен 6 ойынның 3-де алаң иелері жеңіске жеткен. 3 ойын тең аяқталған. Ал Лионель Месси болса, спорттық мансабындағы 500-голын соңғы бірнеше ойындарында соға алмай келеді. 

ХХХІІ тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде «Барселона» көш бастауда. Десе де соңғы тур ойындарының қорытындысы бойынша мадридтік клубтар команданы өкшелеп-ақ келеді. «Барсада» - 76, «Атлетикода» - 73, «Реалда» 72 ұпай бар.

Испания ла лигасының келесі туры 16 сәуір күні басталады. «Барселона» 18 сәуір күні «Камп Ноуда» «Валенсиямен» ойнайды.