Жапондар Денис Теннен кешірім сұрады

О Сансызбай Корреспондент
Жапондар Денис Теннен кешірім сұрады
Фото ©️ vk.com

Жапония мәнерлеп сырғанау қауымдастығы Денис Тенге таққан айыпқа байланысты кешірім сұрады. Бұл туралы спортшының «вконтакте» желісіндегі ресми парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Қазақстан конькишілер қауымдастығына жіберген ресми хатта жапондар Денис Теннен кешірім сұраған. Сондай-ақ, қандай да бір жаза қолдануды талап етпегендіктерін хабарлапты.

Ал Юдзуру Ханюдің өзі Дениспен арадағы түсініспеушілікке байланысты кеше кешірім сұрап, қол алысқан.

Айта кетейік, Сочи олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханю Бостондағы әлем чемпионатына дайындық кезінде Денис Тен оны әдейі соғып кетті деп айыптаған болатын. Ал Жапония тарабы ISU-дан Денис Тенді жазалауды талап етті деген ақпарат тараған еді.