Әлімханұлы Қытайдағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңімпаз атанды

О Сансызбай Корреспондент
Әлімханұлы Қытайдағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңімпаз атанды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз финалда «аспан асты елінің» боксшысы Мингганг Жаоны жеңді.

БӨЛІСУ

Финалдық жекпе-жекте Жәнібек бірінші раундтан кейін-ақ жеңімпаз атанды. Шаршы алаң иелерінің жаттықтырушылары шәкіртін екінші раундқа шығармады. Нәтижесінде отандасымыз мезгілінен бұрын жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жартылай финалда моңғол боксшысы Шинабаяр Нармандахты ұтып, Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.