«Барселона» ұпай жоғалтты (видео)

«Барселона» ұпай жоғалтты (видео)
Фото: vk.com

Испания ла-лигасының ХХХ турында каталондық «Барселона» ұпай жоғалтты. Луис Энрике шәкірттері сырт алаңда «Вильярреалмен» тең ойнап қалды.

«Блауграна» бірінші таймда Иван Ракитич пен Неймардың пенальтиден соққан голдарынан кейін алға шыққан болатын. Алайда «Вильярреал» ойыншылары табандылық танытып, екінші таймда таразы басын теңестіре білді. Нәтижесінде «Барселона» мен мадридтік «Атлетико» арасындағы айырма 9 ұпайға қысқарды. 

Ө. Сансызбай