Головкинге Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салынды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Головкинге Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салынды
Фото ©️ www.voxpopuli.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйымның чемпиондарына Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуға тыйым салды, − деп хабарлайды vRINGe.com.

БӨЛІСУ

"WBC жоғары дәрежедегі кәсіби боксшылардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатыспайды деп үміттенеді. Себебі бұл өте қауіпті. Осы мәселе түбегейлі шешілмейінше, шараның форматы толықтай анықталмайынша, WBC рейтингтегі үздік 15 боксшыға Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салады", − делінген хабарламада.

Бұған дейін Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берген болатынWBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы титулына Сауль "Канело" Альварес ие. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин болса WBC (Interim) тұжырымының чемпионы.

Дереккөз: tengrinews