Елеусінов пен Левит «GeeBee» турнирінде топ жарды

Елеусінов пен Левит «GeeBee» турнирінде топ жарды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Василий Левит Финляндияда мәресіне жеткен «GeeBee» халықаралық турнирінде топ жарды.

35-ші рет ұйымдастырылған додаға Қазақстан атынан төрт боксшы қатысты. 69 келіде ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов швед Оливер Флодин мен француз Сулейман Чисоконы жеңді. Финалда литвалық Эймантас Станионисті 2:1 есебімен ұтып, алтын медальды жеңіп алды.

90 келіге дейінгі салмақта Василий Левит те екі боксшыны жеңіп, финалға шықты. Алайда финалға шығу тиіс ирландиялық Даррен О’Нейл жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Нәтижесінде отандасымыз жеңімпаз ретінде танылды.

Биылғы «GeeBee» халықаралық турнирінде Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов сәтті өнер көрсете алмады. Қос боксшы да ширек финалда жеңілді. Айта кетейік, осыған дейін екеуі де Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын. 

Ө. Сансызбай