Досжан Қартықов Азия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Досжан Қартықов Азия чемпионы атанды
Фото ©️ kaztv.kaztrk.kz

Күрес түрлерінен Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Досжан Қартықов жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 66 келіге дейінгі салмақта белдескен Асхат Жаңбыров күміс жүлдені, 80 келіге дейінгі салмақта Асхат Ділмұхамедов қоланы қанағат тұтты.

БӨЛІСУ

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Досжан Қартықов финалда өзбек балуаны Дильшоджан Турдиевті (4:0) жеңді. Ал оған дейін тайпейлік Вен-Сун Линді (12:2), ширек финалда түрікмен Шермет Перменовті (8:0), жартылай финалда раям Абдех Салех Боюри Паямды (6:4) ұтты.

66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Асхат Жаңбыров финалда ғана сүрінді. Отандасымыз шешуші белдесуде кәріс Гуик Чолдан жеңіліп қалды. Ал 80 келіге дейінгі салмақта Асхат Ділмұхамедов қола жүлдеге ие болды.

Өкінішке орай, 98 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Жанарбек Қабдолов жарысты екінші айналымнан аяқтады. Қазақстандық спортшы қытайлық Венхао Шиге (12:2) есе жіберіп алды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионаты 21 ақпанға дейін созылады.