Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің он үздік командасының қатарына кірді

Гүлжанар Берік Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің он үздік командасының қатарына кірді
Фото ©️ tengrinews.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің он үздік командасының қатарына кірді.

БӨЛІСУ

Какаудың шәкірттері өз позициясын жақсарта түсті. Сербияда өткен Еуропа чемпионатына дейін Қазақстан 15-орында еді. Еуропа біріншілігінде үшінші орын алуының арқасында қазақстандықтар Словенияны, Сербияны, Парагвайды, Әзірбайжанды, Жапонияны және Колумбияны басып озды. Айта кетейік, Какаудың шәкірттері рейтингте отыздық ішінде сатылап жоғарылаған команда атанып отыр. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуро чемпионатында ең табысты дебютант атанды. Үшінші орынға таласта Какаудың шәкірттері Сербия құрамасын 5:2 есебімен тізе бүктірді. "Біздің жігіттер үздік, олардың қолынан келді, Еуродағы қола жүлде біз үшін Еуропа чемпионатындағы құбылысқа пара-пар бастау. Қазақстан біздің батырларымызбен мақтана алады!!! Қолдау білдіріп, құттықтау айтқан жанкүйерлерімізге мың алғыс!!!", - деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абыраев.

Дереккөз: tengrinews.kz