Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасына арналған формасының дизайны бекітілді

Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасына арналған формасының дизайны бекітілді
Фото: © ҚР Спорт және мәдениет министрлі

Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейро Олимпиадасына арналған формасының дизайны бекітілді, − деп хабарлайды ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомствода спорт және шеру киімін дайындау бойынша отырыс болып өтті. Бастапқыда комиссия елдің ұлттық құрамасына форма дайындау жөнінде мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларда беріп, осылайша қазақстандық өндірушілерге жұмыс беру туралы шешім қабылдаған.

Комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев және ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері және тәуелсіз дизайнерлер қатысты. Комиссия мүшелері спорт киімінің дизайнын бекітті. Спорт киімінің таныстырылымы таяу күндері өтеді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін