«Барыс» Ригада «Динамоны» ұтты

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Ригада «Динамоны» ұтты
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне берілер жолдамаға талас қыза түсті. Елордалық «Барыс» Ригада жергілікті «Динамоны» жеңіп, плей-офф жолдамасы берілер аумаққа оралды.

БӨЛІСУ

Андрей Назаров жаттықтыратын клуб қарсыластарын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Маңызды ойында ұпайды уыстан шығармаған «Барыс» плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап тұр. Соңғы екі ойынды да сырт алаңда өткізеді. 16 ақпан күні Қазанда «Ак Барс» клубымен кездеседі. Соңғы турда Омбының «Авангардында» қонақта болады.

Қазіргі таңда «Барыс» 83 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде сегізінші орында келеді. Дәл осындай ұпай көрсеткіші «Нефтехимик» клубында да бар. Ол қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандық клубтан төмен тұр. 

«Динамо» Рига — «Барыс» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 10:46 Доус (Бойд). Тең құрамда
1:1 — 13:12 Саулиетис. Буллит
1:2 — 27:36 Бойд (Даллмэн, Боченски). Ойыншы басымдығында 
2:2 — 35:39 Мейя (Индрашис, Галвиньш). Тең құрамда
2:3 — 54:09 Боченски (Доус, Даллмэн). Ойыншы басымдығында

«Динамо» Рига: Седлачек — Шевченко-Галвиньш, Скворцов-Индрашис-Мейя; Сотниекс-Цибульскис, Дарзиньш-Редлихс-Павлов; Ясс-Ерофеев, Саулиетис-Кулда-Сестито; Зиле, Берзиньш-Забис-Бичевскис;

«Барыс»: Полуэктов — Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Семёнов-Липин, Худяков-Старченко-Краснослободцев; Савченко-Трясунов, Воронцов-Романов-Сен-Пьер; Лобанов, Михайлис-Евдокимов-Соларев, Паньшин;

Айып уақыты: 12:16 (2:0, 4:14, 6:2)

5 ақпан. Рига. «Arena Riga» 5 182 көрермен.