«Қайрат» Аршавинге қызығушылық танытып отыр – БАҚ

«Қайрат» Аршавинге қызығушылық танытып отыр – БАҚ
Фото: ruscur.ru

Ресейлік футболшы Андрей Аршавинге Алматының «Қайрат» клубы қызығушылық танытып отыр екен. Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдары хабарлап отыр.

Андрей Аршавин соңғы рет Краснодардың «Кубань» клубы сапында ойнады. Негізгі құрамға көп іліге қоймаған ойыншы 1 қаңтар күні клубпен бейбіт түрде келісімшартты бұзды. Нәтижесінде футболшының өзге клубтардан ұсыныстар қабылдайтыны туралы айтылған болатын.

Ресейлік басылымдардың жазуы бойынша, Андрей Аршавин мен алматылық ұжымның келісімге келуіне қаржы мәселесі кедергі болуы мүмкін екен. Өйткені, ресейлік ойыншы «Қайрат» клубына ауысар болса жоғары жалақыны талап ететіні айдан анық.

Ө. Сансызбай