Головкин мектеп оқушыларына тосын сый жасады

Головкин мектеп оқушыларына тосын сый жасады
Фото: facebook

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин Әлихан Бөкейханұлы атындағы №76 мектепбінде қонақ болды, − деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин өзінің мектепке баратынын БАҚ өкілдеріне хабарламаған. Facebook қолданушысы Ботабек Тілегенов Геннадийдің мектепке келгенін мұғалімдерінің бірінен естіпті. Мұғалім оған келіп, суретке түсіруін сұрапты. "Мен мектепке жетіп келдім. Ол жақта басқа БАҚ өкілдері болмады",  деп жазды Тілегенов.

Боксшы мектепке құр қол келмеді. Ол бокс секциясының балаларына боксқа арналған қолғап пен басқа да амуниция сыйлады. Ол жастардың жетістікке жетуі үшін чемпион алдымен бапкерді тыңдап, өздеріне сенуі керектігін айтты. 

Басылымның мәліметінше, №76 орта мектеп Қарағандының Майқұдық ауданында орналасқан. Бұл жерде Головкин туып-өскен. Өзі болса №65 мектепте оқыған. 

С. Ерсін