Бахтияр Эюбов кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне жетті

Бахтияр Эюбов кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне жетті
Фото: tengrinews

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов кәсіби рингте оныншы рет қатарынан жеңіске жетті. Боксшы әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Екінші жартылай орта салмақтағы сегіз раундтан тұратын жекпе-жек АҚШ-та өтті. Эюбовтың қарсыласы бұл жолы америкалық Джаред Робинсон болды. Қазақстандық спортшы қарсыласын үшінші раундта ноуактқа түсірді. Айта кетейік, Эюбов Робинсонды жекпе-жек басталғаннан кейін 30 секундтан соң нокдаунға жіберген еді. Екінші раундта да америкалық боксшы тізе бүкті. Үшінші раундта рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұған дейін 29 жастағы Эюбов америкалық 36 жастағы Антонио Чавесті жеңген. Ол кезде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында құлатты.

С. Ерсін