Қазақстан жастары Қырғызстанды ұта алмады (видео)

Қазақстан жастары Қырғызстанды ұта алмады (видео)
Фото: vk.com

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан «Достастық кубогы» халықаралық турнирінің топтық кезеңін соңғы орынмен аяқтады. Отандастарымыз топтағы соңғы ойында Қырғызстан жастарымен тең ойнады.

Серік Әбдуалиев жаттықтыратын құрама «Достастық кубогында» сәтті өнер көрсете алған жоқ. Алдымен Молдова жастарына есе жіберсе, кейіннен Беларусь құрамасымен тең ойнады. Топтағы соңғы ойын Қырғызстан жастарына қарсы өткен ойында 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан жастары екі рет есепте алға озғанмен, таблодағы нәтижені сақтап қала алмады.

23 қаңтар күні Қазақстан жастары жарыстағы соңғы ойынын өткізеді. 

Ө. Сансызбай