Месси: Неймар «Алтын допты» алады

Месси: Неймар «Алтын допты» алады
Фото: eurocups-uefa.ru

Каталондық «Барселона» мен Аргентина құрамасының сұрмергені Лионель Месси келешекте командаласы Неймардың «Алтын допты» жеңіп алатынын айтты. Бұл туралы испан басылымдары хабарлап отыр.

- Мен келешекте Неймар «Алтын допты» иеленеді деп ойлаймын. Ол – өте талантты ойыншы. Жылдамдығы жоғары, техникалық шеберлігі таңдай қақтырады. «Алтын допты» иеленуіне толықтай мүмкіндігі бар, қабілеті жетеді, - деген Месси.

Айта кетейік, 2015 жылғы «Алтын доп» иегерін аныққтауда Неймар үздік үштікке кірген болатын.

Ө. Сансызбай