Қазақстан жастары «Достастық кубогындағы» алғашқы ұпайын иеленді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастары «Достастық кубогындағы» алғашқы ұпайын иеленді (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «Достастық кубогында» Беларусь елінің жастарымен тең ойнады. Есеп: 0-0.

БӨЛІСУ

Бірінші таймда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Темірлан Эльмурзаевтың есеп ашуға тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қазақстандық футболшы өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Ал Беларусь жастарының қауіпті соққыларының бірі Станислав Павлов қорғаған қақпаның бағанынан қайтты. Екінші таймда аса қауіпті сәттер орын ала қойған жоқ.

Қазақстан мен Беларусь жастар құрамалары арасындағы ойынның үздік футболшысы болып қазақстандық қорғаушы Мирас Тулиев танылды.

Қазақстан жастары бақ сынап жатқан топта Молдова құрамасы көш бастады. Олар бүгін өткізген екінші ойынында Қырғызстан жастарын жеңді.