Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы спорттық мансабындағы үшінші жекпе-жегін Алматы қаласында өткізетін болды. Бұл туралы боксшының «вконтакте» желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Айдос Ербосынұлы 2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан еді. Осыған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де мезгілінен бұрын аяқтаған болатын.

72,6 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын отандасымыз 30 қаңтар күні ресейлік Дмитрий Антиповпен жұдырықтасады. Ол осыған дейін 10 кездесу өткізіп, 4-де ғана жеңіске жеткен. 6 жекпе-жегінде жеңіліс тапқан.

Айдос Ербосынұлы мен Дмитрий Антипов арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Алматыдағы өтетін орны хабарланған жоқ.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерін «Fight Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Бүгінде бұл компания келісімшарты бойынша қазақстандық тағы бір боксшы Дәурен Елеусінов те кәсіпқой бокс аренасында бақ сынап жүр.