WFRK 50 мың доллар айыппұл салынбағанын хабарлады

О Сансызбай Корреспондент
WFRK 50 мың доллар айыппұл салынбағанын хабарлады
Фото ©️ vk.com

Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығы (WFRK) ұлттық құрамаға 50 мың доллар айыппұл салынбағанын, және жеңіп алған жолдамалардың кері қайтарылатыны туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

БӨЛІСУ

- Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF) Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды спорттан шеттетуі уақытша. Қазақстандық тараптың жасаған үндеуіне IWF өкілдері тәртіптік комиссияның шақырылуы мүмкін екендігін, сол комиссияның қазақстандық ауыр атлеттерді жазаға ұшырату немесе ұшыратпау туралы шешім қабылдайтыны айтылады. Өз кезегінде тәртіптік комиссия қазақстандық тараптың бастамасымен қай кезде болса да шақырылуы мүмкін немесе IWF бірінші жоспарлы шарасының барысында жиналуы мүмкін. Қазақстандық қауымдастықтың қай уақытта да ұлттық құрама спортшыларын қорғауға мүмкіндігі, әрі тәжірибесі бар", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен де құттықтады.