«Қайрат» Владимир Вайсспен келісімшартын ұзартпады

«Қайрат» Владимир Вайсспен келісімшартын ұзартпады
Фото: massaget.kz

Алматының «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс ресми түрде қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

«Қайрат футбол клубы мен Владимир Вайсс арасындағы еңбек келісімшартының мерзімі аяқталды» - деген ресми сайт хабарламасында.

Айта кетейік, Владимир Вайсс «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы болып 2012 жылы тағайындалған болатын. Осы уақыт аралығында алматылық клуб ел чемпионы атанбағанмен, екі жыл қатарынан ел кубогын жеңіп алды. Биылғы маусымда соңғы турға дейін чемпиондық атаққа таласып, екінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, екі рет ел премьер-лигасының қола жүлдегері атанды.

Владимир Вайсс жаттықтыруымен «Қайрат» 2015/2016 жылғы еурокубок маусымында алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

Н. Үсенова