Денис Тен «NRW Trophy» турнирінде үшінші орында келеді (видео)

Денис Тен «NRW Trophy» турнирінде үшінші орында келеді (видео)
Фото: ax3battery.com

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2015 жылы Сеулде өткен «төрт құрлық чемпионатының» жеңімпазы, Шанхайдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Денис Тен Дортмундта (Германия) өтіп жатқан «NRW Trophy» халықаралық турниріне қатысуда. Отандасымыз қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Денис Тен қысқа бағдарламада 82.63 ұпай жинады. Бірінші орынға шыққан ресейлік Сергей Вороновтан 1,90 ұпайға қалып қойды. Екінші орында 82.93 ұпай жинаған бельгиялық Йорик Хендрикс келеді. Еркін бағдарлама бүгін кешке жалғасын табады.

Н. Үсенова