Сауль Альварес: "Головкинмен дәл қазір шығуға дайынмын"

Сауль Альварес: "Головкинмен дәл қазір шығуға дайынмын"
Фото: вк

25 жастағы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32 КО) 21 қарашада пуэрторикалық 34 жастағы Мигель Коттоны (40-5,33 КО) жеңгеннен кейін ешкімнен қорықпайтынын және қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен шығуға дайын екендігін мәлім етті. 

"Мен ешкімнен қорықпаймын. Егер сіздер Геннадий Головкинмен шығуды қаласаңыздар, мен онымен тап қазір жұдырықтасуға дайынмын", − деді ол рингте алынған сұxбат барысында. 

Айта кету керек, Сауль Альварес Мигель Коттодан орта салмақтағы WBC титулын тартып алды. WBC ережесі бойынша Сауль Альварес 15 күннің ішінде орта салмақтағы көшбасшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға қатысты келіссөздерді бастауы қажет. Бұл міндетті орындамаса, WBC ұйымы титулды тартып алып, қазақстандық боксшыға береді. 

Дереккөз: kazinform

С. Ерсін