«Галатасарай» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Галатасарай» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: 24.kz

Ыстамбұлдық «Галатасарай» футбол клубының бас бапкері Хамза Хамзаоглы қызметінен кетті.

«A Spor» каналына берген сұхбатында Хамзоглы: «Галатасараймен жолымыз екіге айырылды. Қайырлысы болсын», -деп қысқа қайырды. Ал клубтың бас хатшысы Фатих Ишбеджер бас бапкермен жасалған келісім-шарт екіжақтың ортақ шешімімен тоқтатылғанын хабарлады. Спорт сарапшыларының айтуынша, Хамза Хамзаоглының футбол маусымы аяқталмай жатып қызметтен босатылуына «Галатасарайдың» Супер лига мен Чемпиондар лигасындағы сүреңсіз ойыны себеп болған. Хамзаоглының жетекшлігімен Галатасарай командасы ел біріншілігінде 34 матч ойнады. Оның 23-ін ұтып, 7-еуінде тең түскен. Тек 4 кездесуде жеңіліс тапқан екен.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы