Футболдан ҚР кубогының финалына танымал түрік төрешісі қазылық жасайды

Футболдан ҚР кубогының финалына танымал түрік төрешісі қазылық жасайды
Фото: kff.kz, eurosport.ru

Футболдан ел кубогының финалындағы «Астана» мен «Қайрат» кездесуіне танымал түрік төрешісі Джүнейт Чакыр қазылық жасайтын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгін Стамбулға жасаған жұмыс сапарында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Түркия футбол федерациясының вице-президенті Сервет Ярдымджымен кездесті. Кездесуде өзара тиімді әріптестік жөніндегі келісімдер бекітілді. Әріптестіктің алғашқы қадамы Қазақстан Кубогының финалында түрік Джүнейт Чакыр бастаған төрешілер тобының қызмет атқаруы болды. 39 жастағы төреші Чемпиондар Лигасының соңғы финалында италиялық «Ювентус» пен испаниялық «Барселона» арасындағы ойынға төрелік еткен болатын.

Стамбулға жұмыс сапары аясында Азамат Айтқожин Стамбулдағы футбол инфрақұрылымымен танысып, Түркия футбол федерациясының жаңа кеңсесін аралады.

Айта кетейік, ҚР кубогының финалындағы «Астана» мен «Қайрат» ойыны 21 қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. 

Н. Үсенова