Алматыда футболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді

Алматыда футболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді
Фото: today.kz

Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы футбол академиясында 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Турнирге киевтік «Динамо», ташкенттік «Пахтакор», қарағандылық «Шахтер», алматылық «Қайрат», Қырғызстан жасөспірімдер құрамасы, сонымен қатар 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысады. Олардың қатарында мадридтік «Атлетико» академиясында шеберлігін шыңдап жүрген Дінмұхаммед Қашкен де бар. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Василий Маруняк турнирге келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Олег Медведев («Қайрат»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен («Атлетико» Мадрид), Санжар Әйтім («Қайрат»), Сағи Совет («Қайрат»), Санжар Тұрсын («Қайрат»), Жасұлан Қайыркенов («Ертіс»), Елдор Ырысходжаев («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Шадияр Бөлішев («Ордабасы»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Денис Красноперов («Ертіс»);

Шабуылшылар: Данил Михайлов («Астана»), Лев Скворцов («Қайрат»), Вадим Сидоров («Қайрат»), Аймаханбет Құлманбетов («Ордабасы»).

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

6 қараша. 16:00 Қазақстан – «Динамо»

7 қараша. 10:00 «Қайрат» - Қазақстан

7 қараша. 13:45 «Шахтер» - Қазақстан

8 қараша. 10:00 Қырғызстан – Қазақстан

8 қараша. 12:30 «Пахтакор» - Қазақстан

Ө. Сансызбай