"Астана" кез келген команданы жеңе алады – Станимир Стойлов

"Астана" кез келген команданы жеңе алады – Станимир Стойлов
Фото: tn.kz

"Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасы аясында командасының мадридтік "Атлетико" клубын жеңуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып бас бапкер команданың жақсы көңіл-күйде екенін жеткізді. "Атлетико" - бұл матчта фаворит, дегенмен футболда ештеңе 100 пайыз анық болмайды. Егер сен бар күшіңді салсаң, мүмкіндік те болады. "Атлетиконың" фаворит болуы қалыпты жағдай", - деді Стойлов.

Бапкер өз шәкірттеріне сенетінін айтты. "Біз "Атлетиконың" күшін білеміз. Дегенмен жанкүйерлердің бізді қолдайтынына сенеміз. Біз өзімізге сенеміз! Біз кез келген қарсыласты жеңе аламыз!", - деді "Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасы аясында "Астана" - "Атлетико" арасындағы матч 3 қараша күні сағат 21.00-де "Астана Арена" стадионында басталады.

М. Бисембаева