Қайрат Ералиев әлем чемпионатында өзбек боксшысынан жеңілді

Қайрат Ералиев әлем чемпионатында өзбек боксшысынан жеңілді
Фото: vesti.kz

56 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Қайрат Ералиев Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбек боксшысына есе жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы Муроджан Ахмадалиев жекпе-жек басталғаннан бастап қазақстандық боксшыға жойқын-жойқын шабуылдар жасап, бірінші раундта да, екінші раундта да 3:0 есебімен басым түсті. 

Естеріңізге сала кетейік, сағат 22:00-де тағы екі жерлесіміз шаршы алаңға шығады. 75 килограмм салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Мисаэль Родригеспен шықса, 91 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит бразилиялық Жуан Гонсальвес Ногуэйрамен жұдырықтасады. 

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақ елінің намысын қорғауға 8 былғары қолғап шебері аттанды. Олардың ішінде Олжас Саттыбаев өзінің бірінші жекпе-жегінде украиналық Игорь Сопинскийден басым түсті, ал Закир Сафиуллин ресейлік Адлан Абдрашидовтан жеңілді. 

Жарысты жалғастырып жатқан спортшыларға сәттілік тілейміз!

Ж. Исакаев