Қазақстан – Нидерланд матчының билеттері арзандады

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Қазақстан – Нидерланд матчының билеттері арзандады
Фото ©️ tn.kz

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан мен Нидерланд арасында өтетін матчтың билеттері арзандатылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Bnews.kz.

БӨЛІСУ

«Соңғы уақытта елімізде футболдың деңгейі көтеріліп, халықтың бұл спорт түріне қызығушылығы артып келеді. Бұл, әрине, бәрімізді де қуантады. Дей тұрғанмен, айта кетер жағдай, екінің бірінің стадионға келіп, өз командасына жанкүйер болуға мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті менің тапсырмаммен билет құнын арзандату туралы шешім қабылданды. Енді билеттер 2-6 мың теңге аралығында сатылады.

«Осы сәтті пайдалана отырып, астаналықтарды 10 қазан күні сағат 22:00-де «Астана Аренаға» Қазақстан құрамасына жанкүйер болуға шақырамын. Қазақстанда футболдың деңгейі қандай дәрежеде екенін, қазақстандықтардың футболды қаншалықты деңгейде жақсы көретінін білсін қонақтар», - дейді Е.Қожағапанов.

Айта кету керек, бұл Қазақстан құрамасының Еуро-2016 біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында өз алаңында өткізетін соңғы матчты.